08.01.2025, 15:50
Жаңалықтар
Қазақстанда салынатын АЭС-ке қандай мамандар қажет
Министр қажетті мамандардың тізімін жариялады
Фото: istockphoto.com
Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев Қазақстандағы тұңғыш атом электр станциясына қандай мамандар қажет болатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Атом электр стансаларының құрылысын қолдау мақсатында отандық колледждер базасында атом электр станцияларына кадрлар дайындайтын арнайы мамандықтар құрылады», - деді энергетика министрі.
Министрдің айтуынша, атом электр станцияларында мына мамандықтар сұранысқа ие болады:
- дозиметр;
- бу турбинасы жабдықтарын жөндейтін слесарь;
- атом электр станцияларының механикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу маманы;
- атом электр станцияларындағы ақпараттық технологиялар саласындағы маман және т.б.
Сонымен қатар, электротехника колледждері Ұлттық ядролық орталықпен және Ядролық физика институтымен тығыз байланыста жұмыс істейді, онда студенттер тәжірибелік сабақтардан өте алады.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 20:29
23 тамызда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды