Қарағанды облысында мешіт өртеніп кетті (ВИДЕО)
Оқиға түнгі уақытта болған
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Томар ауылдағы өрт түнде басталған. Құтқарушылар келгенге дейін жергілікті тұрғындар өртті өз бетімен сөндірмек болғанымен, жалын шатырдың ағаш құрылымдарына, терезелері мен есіктеріне тез тарап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары келген кезде өрт айтарлықтай үлкен аумақты шарпып үлгерген. Нәтижесінде 165 шаршы метр болатын бір қабатты ғимараттың іші толығымен дерлік жанып, төбелері опырылған.
«Өрт туралы хабар пультке сағат 23:39-да түсіп, қызыл жалын 02:17-де сөндірілді. Өрт сонымен қатар бүкіл ғимараттың төбесінің опырылуына себеп болды. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі әлі анықталып жатыр», - деп хабарлады облыстық ТЖД.