Бурабайда 2024 жылы демалған туристер саны бір миллионнан асады

Автор: Мақсат Әсел

Бұл туралы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің дирекциясы хабарлады

Фото: istockphoto.com

Соңғы күндердің өзінде, нақтырақ 31 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында «Бурабай» МҰТП бақылау-өткізу пункттері арқылы 10 000-нан астам адам немесе 3034 көлік өткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл – қыс мезгілінде де аталған парктің тартымды бола бастағанын көрсетеді. Қысқы демалысты жақсы көретіндер арасында ең танымал туристік нысандар – тау шаңғысы базалары, «Ақмарал» орман фермасы, шанамен, шаңғымен сырғанауға және коньки тебуге болатын «Burabayland» қысқы қалашығы.

Сондай-ақ, туристер Абылай хан алаңында орналасқан жаңартылған Мультимедиялық кешенге барғанды ұнатады.