Cоңғы аптада 28 науқас қана анықталған
Қытайда эпидемия басталғалы бері бірінші рет коронавирустың жаңа жағдайы тіркелген жоқ. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Соңғы тәуліктерде елде небәрі 28 симптомсыз науқас анықталып, үш адам жазылып шыққан. Қайтыс болғандар жоқ.
23 адамның тест нәтижесі оң болса да, коронавирус белгілері байқалмағандықтан, карантиннен босатқан. Қытай билігі аурудың симптомсыз таралуы туралы мәліметтерді 1 сәуірден бастап жариялай бастады.
Жалпы, пандемиясы кезеңінде материктік Қытайда 82 971 адамнан COVID-19 анықталған. Қазір 79 адам ауруханада ем алып жатыр. Қайтыс болғандар саны – 4634.