Қазақстанда соңғы тәулікте 322 адамнан коронавирус анықталды
Елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 7919 адамға жетті

22 мамыр күні Қазақстанда 322 адамнан COVID-19 инфекциясы табылған. Өсім 4,2%-ті құрады. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы коронавирустың таралмауына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. Жаңа науқастардың көбі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 83 (5,7%)
Алматы қаласы – 66 (3,3%)
Шымкент қаласы – 34 (6,3%)
Қарағанды облысы – 42 (9,8%)
Жамбыл облысы – 20 (8,7%)
Алматы облысы – 16 (6,1%)
Түркістан облысы – 15 (5,7%)
Ақтөбе облысы – 10 (4,1%)
Батыс Қазақстан облысы – 10 (2,8%)
Ақмола облысы – 3 (2,1%)Атырау облысы – 16 (1,9%)
Қостанай облысы – 2 (1,8%)
Шығыс Қазақстан облысы – 1 (1,7%)
Қызылорда облысы – 3 (1,1%)
Павлодар облысы – 1 (0,6%).
Жалпы, Қазақстанда коронавирус індетімен тіркелгендер саны 7 919-ға жетті. Жазылып шыққандар – 4096. 35 адам қайтыс болған.