Шығыс Қазақстан облысында сілеусін ауыл ішіне кіріп кетті

Автор: Мақсат Әсел

Бұл оқиға Шемонаиха ауданында болды

Фото: istockphoto.com

Әлеуметтік желіде бірнеше елді мекенде сілеусін жүргені жайлы видеолар тарады. Тұрғындар полицияға хабар берген. Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек,  сілеусін табиғи ортаға жіберілді,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Полицияға Первомайскийдегі Металлургтер көшесінде сілеусіннің үй жануарларына тап бергені туралы хабар түсті. Учаскелік инспектор сол жерге қорықшы мен табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерін шақырды. Олар сілеусінді ұстап, табиғи ортаға жіберді», –  деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Қазақстанды сілеусіннің 3 түрі мекендейді. Түрқы мысыққа ұқсас түз тағысы таулы алқаптардың қылқан және жалпақ жапырақты орманды белдеулерінде кездеседі

Тегтер: