Маңғыстау облысында тамақтан жаппай уланған балаларға қатысты іс сотқа жолданды

Автор: Мақсат Әсел

460 оқушы зардап шекті

Фото: istockphoto.com

Бесшоқы ауылы жалпы білім беру мекемесінің асханасында балалардың улану фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі  lada.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Іс абайсызда жаппай ауруға, инфекцияға, сәулеленуге немесе адамдардың улануына әкеп соққан санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу дерегі бойынша  Мұнайлы аудандық сотында қаралады.

Алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгісіз. Сотта кім жауап беретіні жайында да нақты ақпарат жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 7-13 қыркүйек аралығында Мұнайлы ауданының Бесшоқы ауданында орналасқан №8 жалпы білім беретін мектепте балалардың тамақ тамақтан жаппац улануы тіркелген еді. Салдарынан 460 оқушы зардап шекті.

Кейінірек мектеп асханасының қызметкерлерінде стафилококк вирусы анықталды.