95 көліктің соқтығысуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Автор: Мақсат Әсел

Жүргізушілердің қашықтықты және жылдамдық режимін сақтамау дерегі бойынша тергеу басталды

Фото: Ақмола облыстық ПД

Астана-Петропавл бағытындағы жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Естеріңізге сала кетсек, 3 қаңтар күні  95 көлік соқтығысқан еді.Жаппай апат салдарынан  Бұланды аудандық ауруханасына түрлі жарақатпен 11 адам жеткізілді. Төртеуі ауруханаға жатқызылды.

«3 қаңтарда Астана - Петропавл жолында, Жаңаталап ауылының маңында болған ЖКО фактісі бойынша жүргізушілердің қашықтықты және жылдамдық режимін сақтамау дерегіне байланысты ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігі бойынша «Жол қозғалысына қатысушылардың абайсызда орта дәрежелі денсаулыққа зиян келтірген ЖЖЕ бұзуы» және 353-бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды», – деді Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнар Пинчук.