Қазақстанда шошқа тұмауы алғаш рет 2009 жылы тіркелген болатын
Қазақстанда эпидемиологиялық маусым басталғалы шошқа тұмауына шалдыққан 1053 адам тіркелді. Олардың барлығы зертханада расталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аталған инфекция А (H1N1) вирусы арқылы таралады. Тұмаудың бұл түрі үй құстары, шошқа сынды тағы басқа жануарлардан жұғуы мүмкін. Сондықтан халық арасында осындай атауға ие.
Қазақстанда шошқа тұмауы алғаш рет 2009 жылы тіркелген болатын. Ол ауа арқылы таралады. Мамандардың айтуынша бас, бұлшықет , тамақ ауырып, құрғақ жөтел пайда болып, дене қызыуы күрт көтеріледі Дәрігерлер шошқа тұмауының алдын алу жолы – екпе салдыру екенін айтады.
«Шошқа тұмауының» ерекше белгілер жоқ. Негізінен бас және бұлшықет ауруы, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы (құрғақ жөтел, мұрыннан су ағу, жұлдыру, ауа жетіспеушілігі), температураның 38-39° дейін көтерілуі, қатты әлсіздік, аурудың тез дамуы, жағдайдың тез нашарлауы байқалады. Тұмауға қарсы вакцинациядан басқа, спецификалық емес профилактиканы назардан тыс қалдырмау керек: медициналық маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, жеке гигиена ережелерін сақтау қажет – қолды сабынмен мүмкіндігінше жиі жуу керек, өйткені тұмау вирусы ауа тамшылары арқылы ғана емес, тұрмыстық заттар арқылы да таралады», - дейді мамандар.
Сонымен қатар дәрігерлер иммунитетті барлық қол жетімді тәсілдермен көтеруге: спортпен шұғылдану, жұмыс және демалыс режимін сақтау, уақытылы ұйықтау мен микроэлементтер мен дәрумендердің, әсіресе «С» витаминінің, сарымсақ пен пияздың жеткілікті мөлшерін пайдалануға кеңес береді.