Осы күнге дейін 3,11 млн АҚШ доллары бөлінді
COVID-19 пандемиясына төтеп беру аясында АҚШ үкіметі АҚШ халықаралық даму Агенттігі (USAID) арқылы Қазақстанға қосымша 1,5 миллион АҚШ долларын бөлетіні жөнінде мәлімдеді. Бұл туралы елшіліктің ресми сайты хабарлайды.
«Қазіргі уақытта USAID Қазақстанға COVID-19 пандемиясына төтеп беруге төтенше көмек көрсету мақсатында жаңа қаржыландыру ретінде шамамен 3,11 миллион АҚШ долларын ұсынды. Бұл көмек Қазақстанның Індеттерді бақылау Орталықтарымен 1,6 млн. АҚШ доллары сомасында денсаулық сақтаудың басқа да салаларына ұсынылатын көмекке қосымша түрде беріледі», - делінген хабарламада.
USAID бұл қосымша қаражатты зертханалар мен денсаулық сақтау қызметкерлерінің COVID-19 таралуымен күреске және оны тоқтату үшін әлеуеттерін күшейту мақсатында жұмсайтын болады.