СҚО-да жабайы жануарларды қоректендіру маусымы басталды

Автор: Мақсат Әсел

Инспекторлардың айтуынша қазіргі ауа райы шөпқоректілерге қолайлы болып тұр

фото: Azattyq Rýhy

Солтүстік Қазақстанда жабайы жануарларды қолдан қоректендіру маусымы басталды. Олардың басым бөлігі Есіл ауданындағы «Красный бор» жануарларды қорғау аймағында шоғырланған, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Табиғат жанашырлары жыл он екі ай бойы қарамағындағы 1200-ден астам марал, 460 қабан мен 1500 елікті бағады. Өздері қысқы азығын даярлап, жануарарды браоньерлерден қорғайды. Солардың бірі Руслан Құсайынов. Инспектордың айтуынша әсіресе браконьерлермен күрес оңайға сопайды.

«Осында 10 жылға жуық жұмыс істеп жүрмін. Күніне бір рет қарда жүретін көлікпен маңайды шолып шығамыз. Браконьерлер жиі кездеседі. Мұдай ақпаратты бізден полицияға жеткіземіз. Биыл қыстың басы қолайлы болып тұр. Дегенмен ақпан, наурыз айларында кербұғыларға тебіндікке шығу оңай болмайды. Сол кездерде оларға жем-шөп беруді көбейтеміз», - деді инспектор.

Тегтер: