Қазақстанда алдағы үш күнде қар жауып, күн суытады

Автор: Дәулет Ботагөз

Көптеген өңірде жел күшейеді

Фото: depositphotos.com

Қазақстанда 4-6 қаңтар аралығында жауын-шашын (қар, жаңбыр) болып, температура төмендейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамы бойынша, батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерге Солтүстік Атлантикадан келген циклон әсер етеді. Оның фронтальды бөліктерінде қар, жаңбыр және жаңбырлы қар түріндегі жауын-шашын болады

«6 қаңтарға қарай ел аумағына суық ауа массалары тарала бастайды. Бұл температураның айтарлықтай төмендеуіне әкеледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерге Каспийдің оңтүстігінен келген циклон әсер етеді. Ол жауын-шашын (жаңбыр мен қар) әкеледі. Ал 5-6 қаңтар күндері орталық және шығыс аймақтар антициклон ықпалында болады. Бұл аймақтарда негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», — деп жазылған хабарламада.

Көптеген өңірде жел күшейіп, тұман, көктайғақ және қарлы жаңбыр болады.

Ауа температурасы келесідей төмендейді:

  • Батыс өңірлерде түнде -12°С-тан -3°С-қа дейін, күндіз -8°С-тан -3°С-қа дейін;
  • Солтүстік-батыста түнде -4°С-тан -15°С-қа дейін, күндіз -2°С-тан -12°С-қа дейін;
  • Солтүстікте түнде және күндіз -2°С-тан -10°С-қа дейін;
  • Орталықта түнде -5°С-тан -13°С-қа дейін, күндіз 0°С-тан -10°С-қа дейін;
  • Шығыста түнде -10°С-тан -25°С-қа дейін, күндіз -5°С-тан -13°С-қа дейін;
  • Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 0°С-тан -10°С-қа дейін, таулы аудандарда -13°С-тан -20°С-қа дейін, күндіз -3°С-тан +8°С-қа дейін, таулы аудандарда -3°С-тан -8°С-қа дейін.

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау, сапарлардан бас тарту және метеорологиялық болжамдарды қадағалап отыру ұсынылады.