Полиция бәрінің жеке басы анықталғанын хабарлады
Әлеуметтік желіде Ақтауда болған жаппай төбелестің видеосы жарияланды. Оқиға 20-шағын ауданда болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Instagram желісінде жаппай төбелестің видеосы жарияланды. Одан бөлек, төбелеске қатысушылар көлікті теуіп, кейін оқиға орнынан кетіп бара жатқан көлікті қуған.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысы барлардың жеке басы толықтай анықталғанын хабарлады.
«Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», - деді полиция.
Полицейлер төбелеске отбасылық жанжал себеп болғанын мәлім етті.