Қарағанды облысындағы тасжолда мыңнан аса көлік жиналып қалды (ВИДЕО)
Ауа райының қолайсыздығынан көліктер қозғала алмай қалды
Ауа райының қолайсыздығынан Қарағанды облысындағы тасжолда қазірдің өзінде мыңдаған көлік жиналып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ІІМ мәліметінше, олар қазір Теміртаудағы терминалдан Астанаға қарай бағыт алды. Полиция колоннаны жүздеген көлікке бөлу туралы шешім қабылдады.
«Қашықтықты сақтаңыз, әсіресе жанындағы көлікпен қашықтықты бақылауда ұстаңыз. Жолға назар аударыңыз, ешқайда асықпаңыз, біз абайлап жүреміз. Жылдамдығы шамамен 20-30 км/сағ болады. Біз көліктер тобын жүз көлікке бөлеміз: алдымен жүз машина, содан кейін патрульдік машина, содан кейін тағы жүз көлік. Ең бастысы, бір-бірін басып озуға болмайжы, жолда бұрылыстар бар. Автоколонна екі жолақты болады», - деп жүргізушілерге нұсқау берді Қарағанды облысы жол полициясы басқармасы бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Колоннамен бірге жүру үшін патрульдік полиция батальонының алты экипажы, сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» АҚ арнайы техникасы жұмылдырылды.
Жолсерік колоннаны Ақмола облысының шекарасына дейін жеткізеді. Онда құтқарушылар Қарағанды облысына кіре берісте тұрған көліктерді алып, одан кейін де діттеген жеріне дейін шығарып салады.