Қазақстанның бес өңірінде жол қозғалысы шектелді

Автор: Дәулет Ботагөз

Кез келген ақпаратты «1403» колл-орталығынан алуға болады

Фото: © istockphoto.com

2 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдардың бірнеше учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметтеріне сілтеме жасап.

Қозғалысқа шектеу енгізілген жолдар:

Алматы – Өскемен трассасы:

1. Абай облысы:

  • Аягөз қаласынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі 778-1013 шақырым аралығы.

2. Шығыс Қазақстан облысы:

  • Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылына дейінгі 1013-1048 шақырым аралығы.

Самара – Шымкент трассасы:

1. Ақтөбе облысы:

  • Батыс Қазақстан облысы шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейінгі 526-710 шақырым аралығы.
  • Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысы шекарасына дейінгі 763-1240 шақырым аралығы.

2. Қызылорда облысы:

  • Ақтөбе облысы шекарасынан Арал қаласына дейінгі 1240-1357 шақырым аралығы.

3. Батыс Қазақстан облысы:

  • Барбастау ауылынан Ақтөбе облысы шекарасына дейінгі 273-526 шақырым аралығы.

Алматы – Өскемен трассасында барлық көлік түрлеріне шектеу қойылған. Самара – Шымкент трассасында жүк және қоғамдық көлік үшін қозғалыс шектелген.

Көлік жүргізушілері қозғалысқа қатысты кез келген ақпаратты «1403» колл-орталығына хабарласып, тәулік бойы ала алады.