$ 524.75  540.6  5.12
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда интернет-алаяқтықпен айналысқан екі күдікті ұсталды

Олардың пәтерінде 190 SIM-карта мен төрт sim-box құрылғысы тәркіленді

Алматыда интернет-алаяқтықпен айналысқан екі күдікті ұсталды
Фото: Reuters

Алматыда жалға алынған пәтерде интернет-алаяқтықпен айналысқан екі күдікті ұсталды. Олардың пәтерінен 190 SIM-карта мен төрт sim-box құрылғысы тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Мемлекет ішіндегі интернет-алаяқтық әрекеттерін жүзеге асыру үшін қылмыскерлер sim-box құрылғыларын пайдаланған. Бұл құрылғылар жергілікті ұялы байланыс операторларының интернет-трафигі арқылы жалған нөмірлерден қоңырау шалуға мүмкіндік береді», — делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, алаяқтарға белгілі бір елде физикалық тұрғыда болу қажет емес, тек sim-box құрылғысы жеткілікті. Осылайша, Қазақстан аумағында қазақстандықтарға әртүрлі мессенджерлер арқылы қоңырау шалынған.

«Алматы полиция департаментінің қызметкерлері 25 жастағы екі жігітті жалға алынған пәтерде ұстап, олардың sim-box құрылғылары арқылы алаяқтық әрекеттерді үздіксіз ұйымдастырып отырғанын анықтады», — делінген ақпаратта.

Күдіктілердің пәтерін тексеру барысында:

  • Төрт sim-boxқұрылғысы (әрқайсысы 32 слотты);
  • 190 SIM-карта (Қазақстанның ұялы байланыс операторларының карталары);
  • Бірнеше телефон мен ноутбук тәркіленді.

Қазіргі таңда ұсталғандарға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары