02.01.2025, 16:12
Жаңалықтар
Қазақстанның бес өңірінде жол қозғалысы шектелді
Кез келген ақпаратты «1403» колл-орталығынан алуға болады
Фото: © istockphoto.com
2 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдардың бірнеше учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметтеріне сілтеме жасап.
Қозғалысқа шектеу енгізілген жолдар:
Алматы – Өскемен трассасы:
1. Абай облысы:
- Аягөз қаласынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі 778-1013 шақырым аралығы.
2. Шығыс Қазақстан облысы:
- Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылына дейінгі 1013-1048 шақырым аралығы.
Самара – Шымкент трассасы:
1. Ақтөбе облысы:
- Батыс Қазақстан облысы шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейінгі 526-710 шақырым аралығы.
- Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысы шекарасына дейінгі 763-1240 шақырым аралығы.
2. Қызылорда облысы:
- Ақтөбе облысы шекарасынан Арал қаласына дейінгі 1240-1357 шақырым аралығы.
3. Батыс Қазақстан облысы:
- Барбастау ауылынан Ақтөбе облысы шекарасына дейінгі 273-526 шақырым аралығы.
Алматы – Өскемен трассасында барлық көлік түрлеріне шектеу қойылған. Самара – Шымкент трассасында жүк және қоғамдық көлік үшін қозғалыс шектелген.
Көлік жүргізушілері қозғалысқа қатысты кез келген ақпаратты «1403» колл-орталығына хабарласып, тәулік бойы ала алады.
Көп оқылған
31.05.2026, 06:23
Астанадағы LRT екі аптада 1 миллион жолаушы тасымалдады
31.05.2026, 10:40
Павлодарда жол апаты болып, 21 жастағы студент екі аяғынан айырылды
31.05.2026, 07:27
Қазақстанда 38 градусқа дейін аптап ыстық болады
31.05.2026, 09:03
Президент: Елдің болашағы – ынтымақ пен тұрақтылықта
31.05.2026, 10:01
Еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды