Олардың пәтерінде 190 SIM-карта мен төрт sim-box құрылғысы тәркіленді
Алматыда жалға алынған пәтерде интернет-алаяқтықпен айналысқан екі күдікті ұсталды. Олардың пәтерінен 190 SIM-карта мен төрт sim-box құрылғысы тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Мемлекет ішіндегі интернет-алаяқтық әрекеттерін жүзеге асыру үшін қылмыскерлер sim-box құрылғыларын пайдаланған. Бұл құрылғылар жергілікті ұялы байланыс операторларының интернет-трафигі арқылы жалған нөмірлерден қоңырау шалуға мүмкіндік береді», — делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, алаяқтарға белгілі бір елде физикалық тұрғыда болу қажет емес, тек sim-box құрылғысы жеткілікті. Осылайша, Қазақстан аумағында қазақстандықтарға әртүрлі мессенджерлер арқылы қоңырау шалынған.
«Алматы полиция департаментінің қызметкерлері 25 жастағы екі жігітті жалға алынған пәтерде ұстап, олардың sim-box құрылғылары арқылы алаяқтық әрекеттерді үздіксіз ұйымдастырып отырғанын анықтады», — делінген ақпаратта.
Күдіктілердің пәтерін тексеру барысында:
Қазіргі таңда ұсталғандарға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.