Алматыда түнгі уақытта төбелескен студенттер жаңа жылды темір торда қарсы алды (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Шетелдік студенттер бір-біріне таяқ ала жүгірген

Фото: istockphoto.com

Алматы қаласындағы дәмханалардың бірінде студенттер арасында туындаған жанжал төбелеске ұласты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланды. 

Алматы ПД баспасөз қызметі күдіктілер ұсталып, Медеу ауданының полиция басқармасына жеткізілгенін хабарлады.

«Олардың әрқайсысының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басқа жағдайлар анықталып жатыр», - деді тәртіп сақшылары.