Ауа райына байланысты үш облыста жол қозғалысы шектелді

Автор: Дәулет Ботагөз

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлады

Фото: © istockphoto.com

1 қаңтарда Қазақстанның бірнеше республикалық автожол учаскелерінде ауа райының нашарлауына байланысты қозғалысқа шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Сағат 13:00-ден бастап барлық көлік түрлеріне қозғалыс келесі республикалық автожолдарда шектелді:

Ақмола облысында:

  • Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолының 232-260 шақырымы (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін);
  • Жақсы – Есіл – Бузулук автожолының 71-82 шақырымы (Ақсайдан Бузулукке дейін);
  • Жезқазған – Петропавл автожолының 536-553 шақырымы (Бузулук ауылынан Сұрғанға дейін).
  • Сағат 15:00-де барлық көлік түрлеріне қозғалыс Екатеринбург – Алматы республикалық автожолында шектеледі:

Қостанай облысында:

  • 686-729 шақырым аралығы (Сарыкөл ауылынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін);
  • 729-768 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Тоқсан би ауылына дейін).
  • Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолының 108-232 шақырымы (Әулиекөл ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін).

Солтүстік Қазақстан облысында:

  • 729-768 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Тоқсан би ауылына дейін).

Жолдарды ашу уақыты 2025 жылғы 2 қаңтарда сағат 09:00-ге жоспарланған.