Көрсеткіш II тоқсанмен салыстырғанда $575 миллионға азайған
Қазақстанның сыртқы қарызы 2024 жылдың III тоқсанында 165,8 миллиард долларға дейін төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық банкке сілтеме жасап.
Ұлттық банктің мәліметінше, 1 қазанға дейін Қазақстанның сыртқы қарызы II тоқсанмен салыстырғанда $575 миллионға азайып, $165,8 миллиардты құраған.
«Қазақстанның сыртқы қарызының құрылымына тоқталсақ, оның $21,2 миллиарды қысқа мерзімді қарызды құраса, $144,6 миллиарды ұзақ мерзімді қарызға тиесілі», — деп жазылған Ұлттық банктің хабарламасында.
2023 жылдың III тоқсанының аяғында Қазақстанның сыртқы қарызы $161,9 миллиардты құраған еді. Бұл көрсеткіш 2024 жылы $3,9 миллиардқа өсіп отыр.