ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 263 адам коронавирус жұқтырған

Браконьерлермен күрес: Тоқаев Алматы облысындағы инспекторға алғыс білдірді

Ол 30 жылға жуық ел табиғатын қорғауға үлес қосты

Жұма күні ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиев Мемлекет басшысының Алматы қаласы флора және флораға арналған аймақтық инспекциясының бөлім бастығы Леонид Сидоренкоға Президенттің алғыс хатын тапсырды.

«Бүгін Алматы облысына жұмыс сапары кезінде Президент Қ.Тоқаевтың атынан флора және фауна бойынша облыстық инспекцияның бөлім бастығы Леонид Сидоренкоға алғыс хат тапсырдым», - деп жазды М.Мырзағалиев  Twitter-дегі парақшасында.

Мемлекет басшысы инспектордің берік ұстанымын, оның республиканың табиғи ресурстарын сақтауға қосқан ерекше үлесін атап өтті.

«Леонид Павлович 30 жылға жуық уақыт бойы инспекцияда тыңғылықты жұмыс істеп, браконьерлікпен ымырасыз күрес жүргізіп, қылмыстық істерді шешуге қатысуда », - деді министр.

Экология министрлігінің басшысы инспекторлардың адал қызметі арқасында қазақстандықтар бай табиғат аясында алаңсыз демалатынын айтты.

Сұхбат
Бүгінге дейін ауылға көшу акциясына 4000 адамнан өтініш түcкен
Оның айтуынша, аралдан баспана алатындар саны жыл сайын артып келеді
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған