Рамзан Қадыров коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды
Ресейде коронавирус инфекциясынан 3 мыңнан астам адам көз жұмды
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Мәскеуге ұшақпен жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды. Ол COVID-19 инфекциясын жұқтырған деген күдікке ілінді деп жазады Euronews.
Қадыровқа жақын адамдар әзірге бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірген жоқ. Тек оның елдегі жағдайды өз бақылауында ұстап отырғанын айтты.
Айта кетейік, коронавирустың таралу көрсеткіші жағынан Ресей әлемде алдыңғы орындардың бірінде. Елде үш мыңнан астам адам аталған дерттен қайтыс болды. Вирус ошағы шалғайдағы аймақтарда да пайда болып жатыр. Мәселен, Краснояр облысындағы тау-кен комбинатының өзінде 1200-ге жуық адам COVID-19 вирусын жұқтырған.
Қайтыс болғандардың жартысынан астамы Мәскеуде тіркелген. Соған қарамастан, қала басшылығы карантин режимін жұмсартып жатыр. Өйткені, ауру жұқтырып жатқандар саны айтарлықтай азайған.