Синоптиктердің болжамы жарияланды
«Қазгидромет» РМК 2025 жылдың қаңтар айына арналған ауа райының консультативтік болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда қаңтардың бірінші онкүндігінде ауа райын Атлантикалық циклондар қалыптастырады, бұл ауа райының тұрақсыз сипатын анықтайды.
«Солтүстік жартысында және республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығысының таулы аудандарында бұрқасынмен қар, кейде қалың қар жаууы мүмкін, елдің оңтүстік жартысында жауын-шашын жылбысқы қар, жаңбыр түрінде күтіледі.
Қазақстанның басым бөлігінде жел 15-20 м/с-дейін күшейеді, кейде екпіні 23-28 м/с жетеді, елдің солтүстік-батыс жартысында жел 30 м/с дейін және одан да көп болуы ықтимал», - делінген ауа райы болжамында.
Қаңтардың бірінші онкүндігінде температуралық фон күтіліп отыр:
Оңтүстік циклондардың шығуы нәтижесінде ауа температурасы көтерілген кезде бірнеше қарқынды жылу толқындары болжанады:
Ал солтүстік-батыс антициклонның енуіне байланысты бірнеше қарқынды суық толқындар болжанады, бұл күндері ауа температурасы төмендейді:
«Айта кетерлігі, бір айға арналған болжамды консультативтік ретінде пайдалану керек, ол кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және онкүндікке және 2-3 тәулікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады», - дейді синоптиктер.