Қазір оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр
Алматыда компаниялардың бірінің қомақты ақшасын алып, шетел асып кеткен Қазақстан азаматы Дубайда ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Дубайда Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін (Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) халықаралық іздеуге жарияланған ер адам ұсталды.
2022 жылы күдікті адамдар тобымен Алматыдағы ЖШС-лердің бірінен өзіне қарасты компанияның шотына қаражат аудару арқылы 947 миллион теңге жымқырған.
Қазіргі уақытта ер адам қамауда. Оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.