Құтқарушылар баланы аман-есен ата-анасына табыстады
ТЖМ құтқарушылары екі өңірде пәтерде құлттанып қалған 4 баланы құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, 112 пультіне құтқарушылардың көмегі қажет екендігі туралы екі хабарлама келіп түсті.
«Бірінші оқиға Орал қаласы Гагарин көшесі бойындағы үйлердің бірінде 2023 жылы туған сәби пәтерде құлыптанып қалды. ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен есікті ашып, баланы анасына тапсырды», - делінген хабарламада.
Ал екінші оқиға Абай облысы Жезкент кентінде орын алған. Онда ТЖМ құтқарушылары 2013, 2016, 2024 ж.т. балаларды құтқарды. Құтқарушылар аспалы құралдардың көмегімен есікті ашты.
Екі жағдайда да балалар зардап шеккен жоқ.