АҚШ-та 9 қаңтар ұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Автор: Мақсат Әсел

29 желтоқсанда АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картер 100 жасында қайтыс болды

Фото: depositphotos.com

АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден 2025 жылдың 9 қаңтарын бұрынғы американдық көшбасшы Джимми Картердің қайтыс болуына байланысты ұлттық аза тұту күні деп белгіледі. Бұл туралы Ақ үйдің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен 2025 жылдың 9 қаңтарын бүкіл Америка Құрама Штаттарында ұлттық аза тұту күні деп белгілеймін. Мен американдықтарды осы күні президент Джеймс Эрл Картерге құрмет көрсету үшін өздерінің ғибадат орындарына жиналуға шақырамын», – делінген сайттағы хабарламада.

Байден сонымен бірге ұлттық аза тұту белгісі ретінде АҚШ туларын 30 күнге төмендетуге бұйрық берді. Бұл елдегі және шетелдегі барлық мемлекеттік ғимараттарға, әскери нысандарға, американдық кемелерге қатысты.

Бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картердің 100 жасында қайтыс болғанын хабарлағанбыз.