Қазақстандық файтер Ташкентте жеңілмеген өзбек спортшысын тізе бүктірді

Автор: Дулат Асель

Қазақстандық спортшы аралас жекпе-жектегі кәсіби мансабында жетінші жеңісіне қол жеткізді

Фото: dan4ik_01_mma/Instagram

Ташкентте Octagon 68 аралас жекпе-жек кешінде қазақстандық файтер Данияр Оңғар (6-3) мен өзбекстандық спортшы Мироншох Хусенов (5-0) арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жартылай жеңіл салмақтағы кездесу толық уақытқа созылып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Оңғар жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық спортшы аралас жекпе-жектегі кәсіби мансабында жетінші жеңісіне қол жеткізсе, Мироншох Хусенов алғаш рет жеңіліске ұшырады. 

Айта кетейік, Octagon 68 турнирінің басты оқиғасы – жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін өзбекстандық Анвар Абдуллаев пен әзербайжандық Фарид Алибабазаде арасындағы жекпе-жек болады.