$ 526.11  542.31  4.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтаудағы әуе апатынан қаза тапқан Әзербайжан азаматтарының денелері еліне жіберілді

Қаза тапқандардың денелерін тану бірнеше күн бойы тынымсыз жүргізілді

Ақтаудағы әуе апатынан қаза тапқан Әзербайжан азаматтарының денелері еліне жіберілді
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

28 желтоқсан күні сағат 23:30 шамасында Ақтаудан 25 желтоқсандағы әуе апатынан қаза тапқан 24 Әзербайжан азаматының (оның ішінде үш экипаж мүшесі бар) денелері өз отанына жөнелтілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қаза тапқандардың денелерін тану бірнеше күн бойы тынымсыз жүргізілді. Бұл процесс барысында ДНҚ талдауы жасалып, жақын туыстары қатыстырылды», - делінген хабарламада.

Әуе апаты кезінде 29 адам тірі қалды. Зардап шеккендерге Мемлекет басшысының тапсырмасымен елордадан келген білікті мамандар медициналық көмек көрсетті. Әзербайжанның медициналық көмек алған 14 азаматы өз елдеріне оралды.

«Маңғыстау облысының әкімдігі қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтады. Жергілікті атқарушы органдар апаттан зардап шеккендер мен олардың жақындарына жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыруда», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары