Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ
Қарағанды облысында құтқарушылар бұзылып қалған автобустағы 40 адам ды эвакуациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, бүгін 112 пультіне Қарағанды облысы Шет аудынынан бірнеше шақырым жерде автокөлік сынып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
«Дереу шақырту орнына жөнелген құтқарушылар автобуста Казақстан мен Өзбекстан азаматтары болып табылатын 40 адамның бар екенін анықтады. «ТЖМ қызметкерлері барлығын Ақсу-Аюлы ауылына эвакуациялады», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.