Оралда тұрғын үй ауласындағы шыршаны ұрлаған ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Автор: Мақсат Әсел

Оның бұл әрекеті бейнекамераға түсіп қалған

Фото: depositphotos.com

Оралда көпқабатты үйдің ауласынан шыршаны ұрлап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Орал қаласында учаскелік полиция инспекторлары көппәтерлі үйдің кіреберісіне орнатылған шыршаны ұрлап әкеткен 48 жастағы ер адамды ұстады. Оқиға кешкі уақытта жергілікті тұрғындар ауланың жаңа жылдық безендірілген шыршаның жоғалып кеткенін байқаған», - делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.