Түркістан облысында 20 адамға коронавирус жұқты

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың дені Жетісай ауданының тұрғындары

Соңғы тәулікте Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырған 20 363 адам тіркелсе, оның 20-сы – Түркістан облысының тұрғындары деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Скринингтік тексеру барысында COVID-19 инфекциясы Жетісай ауданының 12 тұрғынынан, Кентау қаласының 2 тұрғынынан, Сайрам ауданының 2 тұрғынынан, сондай-ақ, Келес, Ордабасы, Мақтаарал аудандарының және Түркістан қаласының бір-бір тұрғынынан анықталған.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, оқшауланып, бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алуда. Жақын байланыстағы азаматтар анықталып, медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бүгінге дейін Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны 267 адамды құрап отыр.