$ 521.81  543.67  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды облысында жоғалып кеткен 50-ге жуық жылқы көлдің суына мұз болып қатып қалған

Бір ауылдың тұрғындары жылқыларынан айырылды

Қарағанды облысында жайылымда жүрген 47 жылқы суға батып кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қарқаралы ауданының полициясына бір ауылдың тұрғындары өздеріне тиесілі малдың жоғалғаны туралы арызданды. Жоғалған жылқыларды іздеуге полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардан құралған еріктілер жұмылдырылды. Шамамен 10 іздестіру тобы құрылып, олар аумақты көліктермен және атпен аралады.

Іздеу шаралары Қарқаралы ауданында ғана емес, облыстың көршілес аудандары мен Павлодар облысының Баянауыл ауданында да жүргізілді.

Іздеу жұмыстарының нәтижесінде жоғалған жылқылар анықталды. Көлдердің бірінен 47 жылқының өлексесі табылды. Жануарлардың иелері өз малдарын таныды.

Алдын ала болжам бойынша түнде далада жүрген табын мұз басқан көлге түсіп кеткен. Мұздың жұқалығы салдарынан жануарлар суға құлаған.

Малдың қараусыз жайылуы қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін: жануарлар ұрлықтың, жол-көлік және басқа да оқиғалардың құрбаны болуы ықтимал.

Серіктес жаңалықтары