$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Біз біргеміз...»: Әзербайжандағы Қазақстан елшілігі де мемлекеттік туды төмен түсірді

Кеше Ақтау маңында Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

«Біз біргеміз...»: Әзербайжандағы Қазақстан елшілігі де мемлекеттік туды төмен түсірді
Фото: Әзербайжандағы Қазақстан елшілігі

Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты Әзербайжанда бүгін Аза тұту күні жарияланды. Осыған байланысты Әзербайжандағы Қазақстан елшілігі де мемлекеттік туды төмен түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әзербайжанда мемлекеттік тулар төмен түсірілді, ойын-сауық шаралары мен теледидар мен радиодағы хабарлар тоқтатылды.

Қазақстанның Әзербайжандағы елшілігі Ақтауда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаны туралы хабарды қатты күйзеліспен қабылдады.

«Ақтаудағы ұшақ апаты туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы елшілігінің атынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтаймын. Жандары Жәннәтта болсын! Зардап шеккендердің тез сауығып кетуін тілеймін!

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ұшақ апатының себептерін анықтау және бірінші кезектегі көмекті көрсету үшін Үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр. Екі елдің құзыретті органдары бірге барлық қажетті шараларды атқаруда. Қазақстанның медициналық мекемелері тиісті жәрдемді көрсетуде. Ақтау қаласының көптеген жанашыр тұрғындары зардап шеккендер үшін қан тапсыруда. Қазақстандықтар Әзербайжанның елшілігі мен бас консулдығына гүл шоқтарын апаруда. Қазақстанның Бакудағы Елшілігінде ту төмен түсірілді.

Қазақстан мен Әзербайжан бұл сынақтан бауырластық пен өзара көмек рухында өтетініне сенімдімін. Біз біргеміз...», - деп жазды Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел.

Айта кетейік, кеше Ақтау маңында Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 42 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған. Барлығы 38 адам қаза тапты. Бүгін – Әзербайжанда Аза тұту күні.

Серіктес жаңалықтары