$ 538.33  626.99  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтаудағы ұшақ апаты: 30-ға жуық адамның өмірін аман алып қалған ұшқыштар туралы не белгілі

Экипаж мүшелерінің барлығы – Әзербайжан азаматтары

Ақтаудағы ұшақ апаты: 30-ға жуық адамның өмірін аман алып қалған ұшқыштар туралы не белгілі
Фото: ҚР ТЖМ

Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың пилоттары туралы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

РИА мәліметінше, ұшақтың капитаны Игорь Кшнякиннің тәжірибесі мол және 15 мың сағаттан астам уақыт ұшқан.

«Ұшақ капитаны Игорь Кшнякин... 15 мыңнан астам сағат ұшқан, оның 11,2 мың сағаты – капитан ретінде», - делінген хабарламада.

Ал екінші пилот – Александр Калянинов. Media.az мәліметінше, оның Баку еуропалық лицейінің түлегі болғаны белгілі болды.

Экипаж мүшелерінің барлығы – Әзербайжан азаматтары.

Айта кетейік, кеше Ақтау маңында Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 42 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған. Барлығы 38 адам қаза тапты. Бүгін – Әзербайжанда Аза тұту күні.

Серіктес жаңалықтары