$ 499.76  521.7  5.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау қаласының бұрынғы әкіміне қатысты сот үкімі шықты

Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін істі болған

Атырау қаласының бұрынғы әкіміне қатысты сот үкімі шықты
Фото: gov.kz

Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаевқа қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Экс-әкім өз қарамағындағыларға, нақтырақ айтқанда қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы К.Н.-ге және сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы К.Е.-ге рекреациялық аймақта 8 жер учаскесін беру туралы тапсырма берген.

Өз кезегінде К.Н. және К.Е. өзара сөз байласып, заңды өрескел бұзу арқылы рекреациялық және санитарлық аймақтардағы 18 жер учаскесін берген. Ол үшін К.Н. жер комиссиясының хаттамасының қосымшасына комиссия отырысында қаралған деп 18 өтініш туралы жалған мәліметтер енгізген.

Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев пен сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Экс-әкімге 3 жыл бас бостандығын шектеу, К.Е-ге 5 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Ал тағы бір сотталушы 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үшеуі де өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылған.

Сонымен қатар, бұл істе әкім аппараты бөлімінің басшысының аты-жөні де аталды. Алайда оған қатысты істе қылмыс құрамының болмауына байланысты ол толығымен ақталып шықты. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары