ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді
Степногорскте екі жасар бала пәтерде жалғыз қамалып қалған. ТЖМ құтқарушылары екі жасар балаға көмекке келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, Степногорск қаласының 4 шағын ауданында көпқабатты үйлердің бірінде екі жасар бала есікті бекіткішке жауып, қайта аша алмай қалған.
«Құтқарушылар механикалық құралдың көмегімен есікті ашып, баланы аман-есен ата-анасына тапсырды», - делінген хабарламада.
ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді!