26.12.2024, 07:51
Жаңалықтар
Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Өзге шаһарларда метеорологиялық ахуал қалыпты
Фото: istockphoto.com
Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 2024 жылғы 26 желтоқсанда Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Орал, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Көп оқылған
25.08.2026, 18:17
Ақмолалық ер адам өзінен 17 жас кіші бойжеткеннің үйіне түнде кіріп, суретке түсірген
25.08.2026, 19:10
БҚО-да әйел адам сүйіктісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді
25.08.2026, 22:16
Тісін, қабырғасын сындырған: БҚО-дағы тойда «тентек кәде» дәстүрі төбелеспен аяқталды