Ұшақ бортында 6 Қазақстан азаматы болған
Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ бортында 6 Қазақстан азаматы болған. Өкінішке қарай, олардың бәрі қаза тапты. ҚР ТЖМ қаза тапқан қазақстандықтар туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұшақ апаты кезінде қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарының тізімі:
Айта кетейік, 25 желтоқсанда Әзірбайжанның әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшақ бортында 67 адам болған. Оның 62-сі – жолаушы, 5-еуі – экипаж мүшелері. Соңғы деректер бойынша, 38 адам қаза тапты. Олардың ішінде 6 Қазақстан азаматы бар.