ТЖМ кинологиялық қызметінің қатысуымен іздеу жұмыстары жүргізілуде
Ақтауға Қазақстанның ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов барды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Авариялық-құтқару жұмыстарына 482 адам, 97 бірлік техника, 2 әуе кемесі және 4 кинологиялық есептоп жұмылдырылды. ТЖМ кинологиялық қызметінің қатысуымен іздеу жұмыстары жүргізілуде. Бейнеконференцбайланыс режимінде Қазақстан, Ресей және Әзірбайжан ТЖМ ақпарат алмасуда», - делінген ТЖМ хабарламасында.
ТЖМ мәліметінше, жедел желі телефондарына 571 өтініш түсті.
Түпқараған ауданы әкімдігінің өкімімен жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды.