Олар қазір қамауда отыр
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров «Каспий» футбол клубында жасалған жемқорлық жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Каспий» футбол клубы» ШЖҚ МКК бұрынғы директоры мен деструктивті діни орта өкілдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Олар зорлық-зомбылық қолдана отырып, аса ірі мөлшерде ақша бопсалады деген күдікке ілініп отыр», - деді Бигайдаров.
Оның айтуынша, Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен үш күдікті ҚПК-нің 128-бабы негізінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Қазіргі уақытта бұрынғы директордың оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру үшін футбол клубына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісіне қатысты ма, жоқ па тексеріп жатырмыз. Тергеу жалғасып жатыр», - деді ресми өкіл.