Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстан тағы да солтүстік-батыс циклонының ықпалында болуы мүмкін

«Қазгидромет» РМК 26-28 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан тағы да солтүстік-батыс циклонының ықпалында болуы мүмкін.
Солтүстік-батыс циклон ойпатымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер ауа райының тұрақсыздығын тудырады. Қар жауады, ал республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Елдің оңтүстігінде ғана антициклон сілемі негізінен жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. Республика бойынша жаяу бұрқасын, тұман, екпінді жел, елдің батысында көктайғақ күтіледі.
«Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының түнде 3-15 аязға дейін, күндіз 6 аяз -5 градус жылуға дейін көтерілуі болжанады, елдің батысында ғана температуралық режимде күрт өзгерістер күтілмейді», - делінген синоптиктер болжамында.