«Алты адамның тірі қалғаны белгілі»: министр Ақтаудағы ұшақ апаты туралы айтты

Автор: Асыл Арман

Министр Мәжілістің кулуарында БАҚ өкілдеріне пікір білдірді

Фото: видеодан скрин

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министр Мәжілістің кулуарында БАҚ өкілдеріне пікір білдірді.

«Ол жаққа арнаы ұшақ аттанды. 14 бригада жедел жәрдем қызметі аттанды. Әзірге 6 адамның тірі қалғаны белгілі. Олардың жағдайы өте ауыр», - дейді Ақмарал Әлназарова.