$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нұрбек Оралбай «қазақ аруы» атанған бойжеткенмен көңіл жарастырып жүр ме

Ол келесі жылы үйленуді жоспарлап отырғанын айтты

Нұрбек Оралбай «қазақ аруы» атанған бойжеткенмен көңіл жарастырып жүр ме
Фото: instagram.com/oralbay_nurbek

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, боксшы Нұрбек Оралбай «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында «Қазақ аруы-2024» байқауының жеңімпазы Ақкербез Ысқаққызымен арасындағы қарым-қатынас туралы ойын білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тікелей эфирде боксшыға сұрақ қойған көрерменнің бірі «қазақ аруымен» байланысы туралы сауал жолдады.

«Жеке өміріме тоқталсам, жүрмейміз, әлі сөйлеспейміз. Бәрі солай деп айтып жатыр. Көрерміз, енді бұйырған бір қыз бар ғой. Келесі жылға жоспарым – үйлену. Айбектің (егізі – Айбек Оралбай) қазір баласы бар. Мен де Айбекке қарап қызығамын. Екеуіміз де кішкентайымыздан балажанбыз.

Алдымызда әлем чемпионаттары бар екенін де ұмытпауымыз керек. Келесі Олимпиадаға дейін дұрыстап дайындалуымыз керек. Сол себепті Олимпиаданың тура алдында емес, оған дейін ертерек үйленіп алып, еш уайымсыз Олимпиаданың «алтынын» алуым керек. 2028 жылы мен ғана емес, екеуіміз (Айбекпен бірге) Олимп ойындарының чемпионы болуымыз қажет», - деді Нұрбек Оралбай.

Серіктес жаңалықтары