25.12.2024, 09:42
Жаңалықтар
Жиһадқа қатысып, шаһид болуға шақырған: Шымкентте ер адам 5 жылға сотталып кетті
Ол террорлық ұйымды қолдауға шақырған
Фото: istockphoto.com
Шымкентте жиһадқа шақырып, шаһид болу үшін хижрет жасауға шақырған ер адам сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соттың анықтауы бойынша, сотталушы 2024 жылдың шілде айында моншада М., Е. және Ж.-мен кездесіп, оларды «Мұсылман бауырлар» (әл-Ихван әл-Муслимун) террористік ұйымын қолдауға, шаһид болып, жиһадқа қатысу үшін хижрет жасауға шақырады.
«Сот, А.-ны ҚК-нің 256-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», - деп хабарлады сотта.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды