Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр
Алматыда 20 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды. Ақпаратты Алматы қаласы ПД растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ПД мәліметінше, оқиға Наурызбай ауданында болған. Қазіргі кезде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Наурызбай аудандық полиция басқармасы 20 жастағы жігітті өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, таныстар арасында жанжал туындап, нәтижесінде олардың бірі пышақ қолданған. Қылмыстық қару тәркіленді. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр», - делінген ПД хабарламасында.