Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған полицей қыз қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Журналист Михаил Козачковтың жазуынша, тергеуші жігітімен айырылысқаннан кейін өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.
Астана полициясы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
ПД мәліметінше, қайғылы жағдай бүгін, 24 желтоқсанда болған.
«Мәйітті табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайтыс болған адам тоғызыншы қабаттан құлаған. Егжей-тегжейлер анықталуда», - деп хабарлады Астана қалалық ПД баспасөз қызметінен.