Полиция оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады
Бірнеше күн бұрын Петропавлда жантүршігерлік оқиға болды. Үш жасар бала ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Анасының айтуынша, баланың көзіне пышақ кіріп кеткен. Полиция мән-жайды анықтап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үш жасар баланың анасы ұлының ас бөлмедегі орындықтан құлап, көзіне пышақ қадалғанын айтты. Сәби дереу ауруханаға жеткізілді. Жағдайы әзірге ауыр күйінде қалып отыр.
Дәрігерлер әлі ешқандай болжам жасаған жоқ, бірақ көздің функциялары сақталғанын айтты.
Ал полицейлер бұл іске араласып, қылмыстық іс қозғады.
«Осы факті бойынша кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының ПД.
Айта кетейік, осыған дейін Петропавлдағы сәбидің жағдайы туралы хабарланған болатын.