Ол отбасындағы қуанышты сәттен видео жариялады
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы үлкен ұлы Сағадат Қайратұлы Нидерланд елінен оралғанын айтып, қуанышты хабарын айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.
Тележүргізушінің айтуынша тұңғышы үш айдан соң оралған.
«Бүгін төр сенікі, балам. 3 ай жырақта жүріп, есейгені кәдімгідей байқалады. Екінші Қайрат. Әкесінен дарыған мінезі ме деп қоямын, 17 шаршы метрлік жатақханасының бөлмесін айнадай қылып, тамағын өзі дайындап, таза киініп жүргені
Бастысы адам болсын, адал болсын! Сағадат оқудан демалысқа келіп, көзайым болып жатқан жайымыз бар», - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.