Республикалық автожол ертең таңғы уақытқа дейін жабық
Батыс Қазақстанда ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2024 жылғы 23 желтоқсан сағат 21:30-да Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Өнеге-Бисен-Сайқын» республикалық автожолының 31-103 шақырым аралығында (Бисен ауылы - Сайқын ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады», - делінген компания хабарламасында.
Жолды 2024 жылғы 24 желтоқсанда сағат 06:00-де ашу жоспарланған.